Жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Қаламыздың "Алматы" ауданындағы көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары мамыр айынан басталды. Бұл жұмыстар жаз бойы жалғаспақ. Бұндай жұмыстар тұрғындардың өтініштері бойынша жасалады. Тас төсеуден бөлек, ой-шұңқырларды жамау жұмыстары да жүргізілуде.Әлеуметтік маңызы бар нысандар басты назарда. Мектеп, бала-бақша, емхана, оңалту орталықтарының алды тегіс болуы тиіс,-дейді жауапты мамандар. Ауданда жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы кіре алмайтын көшелер бар. Бұл жерлер бірінші кезекте жөнделмек. Жол құрылысы жұмыстары ауа райына байланысты жүргізілмек. Күн ашық, жауын-шашынсыз болса кедергі де жоқ,-дейді жауаптылар. Әзір 5 шақырымы ғана жөнделген. Шұңқырды бітеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспарда Заречный-3 пен 4, Украинка, Қызылжар, Рауан, Шығыс елді мекендеріндегі бірқатар көшелер тұр.Количество показов: 620
Дата создания: 04.05.2024 04:19:52