Облыста табиғи монополиялар саласында 50 субъектінің қызметі реттеледі
Қазір облыста табиғи монополия субъектілері түрлі қызмет түрін ұсынады. Оның ішінде сумен және жылумен жабдықтау, су бұру, электр энергиясын беру, газ тасымалдау және кірме жолдар қызметтері бар. Бұл табиғи монополиялардың қызметін реттейді. Департамент мәліметінше, жыл басынан бері коммуналдық қызмет тарифтері өзгерген жоқ. Тарифтердің сақталуына байланысты бірнеше рет бақылау жүргізілген. Қазіргі уақытта 12 табиғи монополия субъектісі ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейді. Осы бағытта негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған жалпы сомасы 200 миллиард теңгені құрайтын ұзақ мерзімге бекітілген инвестициялық бағдарламалар бар. Биылдыққа департамент мекемелерге үш рет тексеру жүргізген. Құқық бұзушылықтар тіркелмеген. Инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар бар. Ірі монополист «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамы 16 миллиард теңгеге 10 жобаны іске асыруда. Бөлінген қаржыға жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру жұмыстары атқарылады. Бұл желілердің тозу деңгейін төмендетуге, кенеттен болатын апаттардың алдын алу үшін коллекторлар мен сорғы станцияларын қайта жаңғыртуға, жылу қазандықтарының жабдықтарын жаңарту арқылы энергия ресурстарын үнемдеу және жылу шығынын азайтуға бағытталған. «Энергосистема» серіктестігінде құны 10 миллиард теңге болатын 6 жоба бар. Жоба электр желілерін жаңарту, тозығы жеткен кабельдік және әуе желілерін, трансформаторлық қосалқы станцияларды реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, тұрақтылықты арттыруды көздейді. Ал «Алға жылу» кәсіпорны су бұру саласында 308 миллион теңгелік жобаны жүзеге асыруда. Қазір жобалар бойынша сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Қаржыландыру 10 жылға берілмек.Количество показов: 15
Дата создания: 30.09.2026 09:08:02



















