Ақтөбелік дарынды оқушылар республикалық білім алаңдарында жоғары нәтиже көрсетіп жүр
Мақсот Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Білім ордасы 2025 және 2026 жылдары облыстық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша екі жыл қатарынан "Үздік олимпиадалық команда" аталымында бірінші орын иеленген. Сондай-ақ республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде лицей-интернат Қазақстандағы үздік 100 мектептің қатарына енді.2025–2026 оқу жылында білім алушылар облыстық пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар байқауы, шығармашылық және спорттық жарыстарда барлығы 118 жүлделі орын иеленді. Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында лицейдің үш оқушысы жүлдегер атанды. Ал жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында төрт оқушы жүлдеге ие болды. Лицей ұжымы оқушылардың жетістігіне дән риза. Қуантарлығы дарынды балалар саны жыл сайын артып келеді. Оқушылардың білімін тереңдетуге, зерттеушілік қабілетін дамытуға және дарынды балаларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға жүйелі түрде дайындауға бағытталған жұмыстар жалғасын таппақ.
Количество показов: 13
Дата создания: 30.09.2026 09:12:16



















