Некрасов көшесінің бойында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған
Қалада кезекті жол жөндеу жұмыстары Некрасов көшесінің бойында жүріп жатыр. Берсиев көшесінен Әкімжанов көшесіне дейінгі жол учаскесінде жолға екі қабат асфальт төселіп, бордюрлер мен су ағар науалар ретке келтіріледі. Мердігер компания жұмысты жеті күнде аяқтауды жоспарлап отыр.Қалада Некрасов көшесінің бойындағы жол учаскесі жөнделіп жатыр. Жол жөндеу жұмыстары Берсиев көшесінен Әкімжанов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Қазір мердігер компания жолдың негізгі бөлігін асфальттауға дайындық жұмыстарын атқаруда. Жоба аясында жолға асфальттың екі қабаты төселеді. Ендігі кезекте жол жиектеріне бордюр қойылып, жаңбыр және еріген қар суын ағызуға арналған науалар ретке келтірілу жұмыстары қалып отыр. Мердігердің айтуынша, негізгі жұмыстарды жеті күн ішінде аяқтау жоспарланған. Алайда ауа райына байланысты жұмыс мерзімі өзгеруі мүмкін. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң аталған учаскедегі көлік қозғалысы қайта жанданады. Алдын ала жоспар бойынша жол ертең кешке дейін ашылуы тиіс. Жол жөндеу жұмыстарын «АссанаДорСтрой» компаниясы жүргізіп жатыр.
Количество показов: 7
Дата создания: 22.08.2026 09:21:18



















