Бүгінде облыста 35 әлеуметтік нысанның жұмысы жүріп жатыр
Облыста құрылыс жұмыстары қарқын алып, әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Жылдың алғашқы жеті айында өңірде 197 миллиард теңгеден астам құрылыс жұмысы орындалған. Мамандардың айтуынша, осы кезеңде 466 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1 миллион шаршы метрден асыру жоспарланып отыр.Биыл қалада құрылыс саласына 498 миллиард теңгеден астам қаржы көлемінде жұмыс атқару жоспарланған. Қазірдің өзінде оның 197 миллиард теңгеден астамы орындалды. Нақты көлем индексі 105,3 пайызды құраған. Құрылыс қарқыны тұрғын үй саласында да байқалады. Жыл басынан бері облыста 466 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Маманның айтуынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1 миллион 30 мың шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр. Әлеуметтік нысандардың құрылысына да басымдық берілген. Қазір облыста 35 нысан бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларына тиесілі. Мәселен, білім беру саласында Кенсахара ауылындағы 100 орындық және Ащысай ауылындағы 60 орындық мектептердің құрылысы аяқталуға жақын. Ал №8 мектепке салынған жапсаржай құрылысы толық аяқталған.Қалада ірі жобалар да қатар іске асырылуда. Музыкалық-драма театрының, футбол стадионының және 5 мың орындық әмбебап спорт кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен бірге 150 орындық оңалту орталығы мен ерекше балаларға арналған 300 орындық балабақшада ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жауапты басқарма өкілдерінің мәліметінше, нысандардың бір бөлігі биыл пайдалануға беріледі. Қалған жобалар бойынша құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жалғаспақ.
Количество показов: 24
Дата создания: 21.08.2026 06:18:50



















