11-ші мөлтек ауданы маңында Сазды су арнасындағы бөгеттің құрылысы жүріп жатыр
Сазды су арнасындағы бөгет құрылысының негізгі бөлігі - бетон құйылып, бөгет көтерілген. Қазір құрылысшылар оның екі жағын жабу, сондай-ақ баспалдақ орнату жұмыстарын қолға алған. Жұмысқа жалпы 8 адам жұмылдырылған. Оның ішінде инженер мен арнайы бригада бар. Құрылыс 19 тамызда басталған. Жоба бойынша нысанды 4 айда аяқтау жоспарланған. Аумақ басшысының айтуынша, негізгі жұмыстарды екі ай ішінде бітіру көзделіп отыр. Нысанды 10 қазанда пайдалануға бермек. Жобаның жалпы құны - 104 миллион теңге. Қомақты қаражатқа бөгеттің ең маңызды элементтерінің бірі - судың ағынын реттеуге мүмкіндік беретін қақпа соғылады. Бөгет қақпасының эскизі алдын ала сызылып алынған. Қателік кетпес үшін әрбір милиметрі ойластырылып, мамандар жұмыс істеген. Жұмыс толық аяқталған соң бөгет Сазды өзенінінен Елекке құылатын су ағынын реттеуге мүмкіндік береді.Количество показов: 12
Дата создания: 29.09.2026 09:07:32



















