Өңірлік тұрақтандыру қорына ауыл шаруашылығы өнімдері жиналуда
Тұрақтандыру қорын биыл көкөніспен толтыруға жергілікті қазынадан 5 млрд теңге бөлініп отыр. Мол қаражат қыс бойы ақтөбеліктердің көкөніс пен азық-түлік, дәнді-дақылдан қысылмай шығуына мүмкіндік бермек. Әзірге қорға пісіп тұрған маусымдық өнімдер жиналуда. 8 мың 614 тонна картоп, мың тоннадан артық пияз, 2 мың тонна сәбіз және 1 мың 172 тонна қырыққабат жеткізілмек. Көкөністен сәйкесінше әлеуметтік дүкен, базарларда төмен бағада сатылады.Тұрақтандыру қоры біраз жергілікті шаруашылық ұжымдарымен келісім-шартқа отырған. Жергілікті тауар өндірушілер қорға өз өнімдерін өткізуге мүдделі. Келісім-шартта өнімнің таза әрі балғын болуы нақты жазылған. Мұндай келісімге "Белес Маркет" ЖШС-гі жылына 20 тонна күнбағыс майын жеткізуге отырған. "Ramazan Qus" серіктестігі 14 миллион дана тауық жұмыртқасын жеткізеді. Ал "Жаңа-Әлжан" ұн комбинаты 5 жарым келілік қалыпты нан өндіруге арналған бірінші сұрыпты 7 мың тонна ұн беріп отыр. Бұдан бөлек "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында 286 тонна қант, 10 тонна күнбағыс майы және 272 тонна күріш сақтаулы. Әлеуметтік павильондарда әрқашан бірінші қажеттіліктегі тауарлар сатылады. Бұлар маусымына қарай әртүрлі өнім болуы мүмкін. Яғни көкөніс, тәттілер, пісірілген нан өнімдері. Ал көкөніс өнімдерінің жаппай жәрмеңкесі қазан-қараша айларынан бастау алады. Тұрақтандыру қорының негізгі мақсаты халықты азық-түлік өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етіп отыру. Бағаның өсуіне жол бермеу.
Количество показов: 14
Дата создания: 30.09.2026 09:10:24



















