11-ші мөлтек ауданының санитарлық жағдайы қалыпты
11-ші мөлтек ауданы тазалық мәселесін қатаң сақтайды. Аудан тұрғындары қоқыс контейнерлері жиі тазаланатынын алға тартады. Аулаларда апталық сенбілік өтіп, тазалық жұмыстары жүргізіліпті. Ағаштар кесіліп, бұтақтары жиналып, қоқыс жанына үйілген. Арнайы көліктер бұл бұтақтарды полигонға шығаруы қажет. Көппәтерлі үй тұрғындарының бірі қоқыс екі күнде бір рет шығарылатынын айтса, кейбір тұрғындар аптасына бір рет әкетілетінін жеткізді. Тазалықтың сақталуы тек коммуналдық қызметке емес, жұртшылықтың өзіне де байланысты. Сондықтан халық қоқысты белгіленбеген жерге тастамауға және аула тазалығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады. Аула тазалығы тұрғындардың көңілінен шығады. Алайда контейнерлердің маңында кей кездері ірі көлемдегі қалдықтар қалып қоятын көрінеді. Көшкен үйлерден шыққан жиһаз, тұрмыстық техника кейде аула сәнін кетіріп тұрады. Тұрғындар мұндай қоқысты арнайы орынға шығару әр азаматтың өз жауапкершілігінде екенін еске салады.Количество показов: 10
Дата создания: 29.09.2026 09:10:01



















