Қаламызда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Бүгін шаһарымызда Еңбек мобильділігі орталығы Халықаралық жастар күніне орай «Жастар. Жігер. Болашақ» бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Іс-шараға 20-ға жуық ұйым мен кәсіпорын қатысып, жұмыс іздеушілерге 150-ден астам өзекті бос жұмыс орнын ұсынды. Жастар жұмыссыз жүрмесін. Бүгін қаламызда халықаралық жастар күніне орай бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша орындар ұсынылды. Атап айтқанда, жұмыс берушілер фельдшер, арнайы техника жүргізушісі, іс жүргізуші, ағылшын тілі, математика және химия пәндерінің мұғалімі, наубайшы кәсіптеріне орын ұсынды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - жұмыссыз азаматтар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту. Іс-шара барысында жас мамандар мен жоғары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін қатысушыларға «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Жалпы өңірдегі жұмыс берушілердің өзекті бос жұмыс орындары Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бүгінгі таңда порталда облыс бойынша 2 000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылған. Кадрларға сұраныс жоғары негізгі бағыттардың қатарында өндіріс және өнеркәсіп, білім беру және тәрбие, сауда және қызмет көрсету, көлік және логистика, құрылыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, күзет және қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы салалары бар,- дейді мамандар. Ал жұмысқа орналасу және кеңес алу мәселелері бойынша азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіне алады.Количество показов: 10
Дата создания: 15.08.2026 02:22:39



















