Көтерме базарда қарбыздың келісі 100-120 теңге аралығында сатылуда
Көтерме базарда маусымдық жеміс-жидектің бағасы арзандаған. Әсіресе, қарбыз бен қауынның саудасы қызған. Қазір қарбыздың келісі 100-120 теңге шамасында. Ал бұған дейін бұл өнімнің бағасы 170 теңгеге дейін жеткен болатын. Нарықта Өзбекстаннан жеткізілетін қауындар да бар. Саудагерлер шетелдік өнімнің сапасына сенімді.Көтерме базар сөрелерінде маусымдық өнімдердің түрі көбейген. Жеміс-жидектің молдығы бағаға да әсер еткен. Әсіресе, қарбыз өнімі арзандаған. Қазір көтерме базарда оның келісі 100-120 теңге шамасында саудаланып жатыр. Ал маусым басында қарбыздың бағасы 170 теңгеге дейін жеткен болатын. Базардан қарбыздан бөлек қауынның да түр-түрін кездестіруге болады. Саудагерлер маусымдық өнім саудасының қызып жатқанын жеткізді. Сауда қатарларында жергілікті өніммен қатар, Өзбекстаннан жеткізілген қауындар да бар. Саудагерлердің айтуынша, шетелден әкелінетін өнімге сұраныс жоғары. Саудагер Өзбекстаннан келген қауын. Сапасына сенімдімін, дәмі жақсы. Қазір сатып алушылар да көп алып жатыр дейді. Базар сөрелеріндегі маусымдық өнімдердің бағасының төмендегенін байқауға болады. Маусымдық өнімдердің арзандауы сатып алушыларға тиімді. Ал саудагерлер жаз аяқталғанға дейін жеміс-жидек бағасы тұрақты болады деп отыр.
Количество показов: 21
Дата создания: 21.08.2026 06:21:50



















