Жеңіс даңғылындағы сквер жаңғыртылуда
Қалада қоғамдық демалыс орындарын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Жеңіс даңғылында орналасқан сквер абаттандырылып жатыр. Жобаға демеушілік қолдау көрсеткен мекеме аумақтың тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи демалыс аймағын қалыптастыруды көздейді. Қаламызда Жеңіс даңғылында орналасқан скверге жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан жобаға «Қала Транс Компаниясы» серіктестігі демеушілік қолдауын көрсетіп отыр. Жауапты серіктестік басшысының айтуынша, жоба аясында жарықтандыру жүйесі толық ауыстырылады. Сонымен қатар жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Саябақтың кейбір аумақтарына арнайы қоршаулар қойылады. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да кеңейтіліп, тұрғындардың жайлы демалуына қолайлы жағдай жасалмақ. Аудан тұрғыны да мұндай жақсы жаңалықтарды оң қабылдады. Қазіргі таңда құрылыс және жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандар скверді осы жылдың тамыз айына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.Количество показов: 15
Дата создания: 02.06.2026 09:25:46



















