Көмірге деген сұраныс артты
Қыстың қамын жазда ойлаған тұрғындар үшін көмір бағасы өзекті мәселеге айналған. Әсіресе, жеке тұрғын үйлерін қатты отынмен жылытатын отбасыларға оңай емес. Себебі соңғы жылдары көмір құны өсіп келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста қатты отын 23 пайызға қымбаттапты. Жағдайдың мән-жайын білу үшін түсірілім тобымен 41-жол айрығы ауданында орналасқан көмір қоймасына барып көрдік. Алайда жеке кәсіпорын пікір бірдіруден бас тартты. Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға арналған көмір жеке аумақта сақталады. Сондықтан да жауапты мамандарға сауалдарымызды қою мүмкін болмады. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, мұндай қоймалардың жұмысына бақылау жасауға энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті жауапты. Қала бойынша биыл бір тонна көмірдің бөлшек саудадағы орташа бағасы 23 мың 266 теңгені құрайды. Қоймалар мен көмір тұйықтарында оның құны 20 мыңнан 25 мың теңгеге дейін жетеді. Қысқы маусымда көмірге деген сұраныс артатыны белгілі. Ал бағаның жыл сайын өсуі тұрғындар үшін біраз қалтаға салмақ салады. Сондықтан өңірге жеткізілетін отынның жеткілікті болуы ғана емес, оның сақталуы мен халыққа қолжетімді бағамен сатылуы да маңызды.Количество показов: 10
Дата создания: 24.11.2026 06:48:57




















