Бәйішев университетінде жаңа спорт кешен пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында ашылған жаңа спорт кешені университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған. Мамандардың сөзінше нысан студенттердің спорттық әлеуетін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасайды. Стадионда футбол алаңы, жүгіру жолдары және әмбебап спорт алаңы бар. Мұнда білім алушылар дене шынықтырумен айналысып қана қоймай, түрлі спорттық жарыстарға қатысып, өз шеберліктерін шыңдай алады. Жаңа нысанның ашылуына орай "Студенттер сайысы. Ақтөбе-2026" қалалық спартакиадасы өтті. Оған Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттік командалары қатысып, шағын футбол, волейбол және арқан тартудан бақ сынады. Ұйымдастырушылар спартакиаданың мақсаты студенттер арасында бұқаралық спортты дамыту, жастардың өзара ынтымақтастығын нығайту дейді. Жаңа спорт кешенінің ашылуы университеттің спорттық инфрақұрылымын кеңейтіп қана қоймай, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға да мүмкіндік береді. Заманауи нысан алдағы уақытта білім алушылардың спорттық жетістіктерге жетуіне және университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуына ықпал етпек.Количество показов: 21
Дата создания: 24.10.2026 08:19:13



















