Ақтөбелік үш сарбаз әскери оқу орындарында грант иегерлері атанды
Білім грантына қол жеткізген әскери қызметкердің бірі- Диас Дүшаев. 20 жастағы жігіт Маңғыстау облысында сарбаз бағдарламасына сай мерзімді қызметтерін өтеп келген. Ол өзінің жоғары әскери оқу орнында білім алатынынан бейхабар. Өзіме тапсырылған міндеттерді адал жүріп атқара бердім дейді. Олар мемлекеттік грант бойынша тегін білім алады. Запасқа шығарылған жастарға жоғары оқу орнына түскендігі туралы сертификат салтанатты түрде табысталды. Болашақ студенттер «Сарбаз» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тесттен өткен. Бұл жоба Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жастарға білім беру жеңілдігін ұсынады. Елімізде мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Оның ішінде мемлекеттік білім беру гранттарын алу мүмкіндігі бар. Әрбір әскери қызметші үш білім беру бағдарламасы мен үш жоғары оқу орнын таңдай алады. Мемлекеттік білім гранттары жауынгерлік даярлық нәтижелері мен тестілеу қорытындыларының жиынтық бағасы негізінде белгіленген мерзімде автоматты түрде бөлінеді.Количество показов: 7
Дата создания: 21.11.2026 05:00:57




















