Бурабай көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр
Қаланың ескі бөлігіндегі Жанқожа батыр көшесімен қиылысып жатқан, мына Бурабай көшесінде жол жөндеу жұмыстарының аяқталғанына екі аптаға жуық уақыт болған. Алайда көшеге жаңа асфальт төселгенімен, жолдың бір бөлігі аяқсыз қалған. Тұрғын Жомарт Едірешовтің айтуынша, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанына екі апта уақыт болған. Бітпеген құрылыс сол күйі тұр. Жұртшылық аяқсыз қалған жол құрылысына налып отыр. Ескі қаланың халқы үш жыл бұрын көршілес Ряхов көшесінде дәл осындай жағдай қайталанғанына куә. Сондықтан мәселе әдетке айналмай, көше талапқа сай жөнделсе дейді. Мәселені айтып құзырлы органдарға өтініш түсірген. Халықтың назына әзірге ешбір жауапты мекемелер жауап бермеді. Сондықтан тұрғындар өтініштерін қағаз түрінде жазып сауал жолдамақ.Количество показов: 11
Дата создания: 25.09.2026 09:42:59



















