Жастар арасындағы эко-плоггинг өтті
Бүгін жас табиғат жанашырлары қаламыздың 12-мөлтекауданында орналасқан тұрғындар демалатын саябақта жиналды. Олар жарыса жүре, саябақты қоқыстан тазалап, қураған шөптерді жұлды.Жас волонтердың айтуынша, адамдар қоқыс тастау мәдениетін үйренсе, қала одан да таза болар еді. Қазір қоқыс тастайтын жәшіктер толып тұр. Қолындағы пластик бөтелкені, балмұздақтың қағазын қоқыс жәшігіне тастай кетсе, шаһарымыз әлдеқайда тазарар еді, дейді белсенділер.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында елімізде ауқымды іс-шаралар өтеді. Эстафетаны еліміздің өңірлері де қабылдайды. Апталық аясында қалалар мен ауылдарда 200-ге жуық түрлі экологиялық іс-шара ұйымдастырылмақ. Соның ішінде "Таза аймақ", "Таза су айдындары", "Таза бейсенбі”, “Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Мөлдір бұлақ" және т. б. аумақтарды тазарту бойынша акциялар өтеді.
Количество показов: 16
Дата создания: 22.04.2025 11:28:16