312-атқыштар дивизиясының құрылғанына биыл 85 жыл
1941 жыл. Ел басына күн туған алмағайып кезең. Дәл осы жылы Ақтөбе өңірінде 312-атқыштар дивизиясы жасақталды. Бүгінде ол оқиғаның өткеніне 85 жыл болған. Майданға аттанған жауынгерлер ел қорғау жолында жанқиярлық танытып, тарихта өшпес із қалдырды. Бүгінде олардың ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге. Тарихи шара барысында қатысушыларға 1941 жылғы қазан айындағы оқиғалар баяндалды. Дивизия жауынгерлерінің майдандағы жолын баяндайтын "Горячий октябрь 1941 года" атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Жиынның маңызды бөлігі - майдангерлер ұрпақтарының естеліктері. Қазір көнекөз қариялар ата-бабаларының ерлік жолы мен өмірінен сыр шертіп, тарихи оқиғалардың маңызын жеткізді. Кездесу барысында қазыналы қарттар әкелері мен ағалары жайлы айтып, соғыс жылдарындағы қиындықтар, жауынгерлердің майдандағы ерлігі туралы әңгімеледі. Әр естелік - тарихтың бір бөлшегі, кейінгі ұрпаққа қалдырылған аманат. Қарт жауынгерлердің есімін ұмытпай, олардың өнегелі жолын кейінгі буынға насихаттауға шақырды.Майдангерлердің ерлігі тек тарихи деректерде ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен естеліктер арқылы жастардың жадында сақталады. Осындай тағылымды кездесулер арқылы жас ұрпақ ел басынан өткен қиын кезеңдерді танып, бейбіт өмірдің қадірін түсінеді.
Количество показов: 11
Дата создания: 19.11.2026 07:31:58




















