Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі басталды
№31 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа облыстың шағын қала, әр ауданынан келген оқушылар қатысты. Биылғы додаға жалпы саны 500-ге жуық командадан 4 мыңға жуық жас спортшы қатысуға ниет білдіріпті. Аяжан Сағынтайқызы- 11-ші сынып оқушысы. Жарыста Ойыл ауданының намысын қорғады. Тоғызқұмалақ ойынына бала кезіндегі қызығушылығы, жетелеп алып келген. Осы уақытқа дейін спорт саласында жеткен жетістіктерімнің барлығы жақындарымның қолдауының арқасы дейді. Жарыстар жыл бойы кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Сәуір-мамыр айларында өтетін республикалық кезеңге облыстық сайыста үздік нәтиже көрсеткен командалар жолдама алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және грамоталармен марапатталады.Количество показов: 14
Дата создания: 20.11.2026 07:56:04




















