Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті
Іс-шара "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар құқық қорғау органдарының өкілдерімен ашық пікір алмасты. Әлеуметтік желідегі жауапкершілік, кибербуллинг, жеке құқықтарды қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері қозғалды. Мамандар жасөспірімдердің сұрақтарына жауап беріп, түрлі өмірлік жағдайларға құқықтық түсініктеме берді. Бағдарлама аясында құқықтық мәліметтерді талдау, интерактивті ойындар мен ашық микрофон алаңы ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, заң талаптары мен азаматтық жауапкершілік туралы білімдерін толықтырды. Басты мақсат оқушыларға Конституцияның негізгі құндылықтарын түсіндіру, заңға құрметпен қарауға үйрету және құқық бұзушылықтың алдын алу. Кездесуде ұлттық тәрбие, адамгершілік және үлкенге құрмет мәселелеріне де назар аударылды. Ұйымдастырушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру жасөспірімдердің саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді дейді.Количество показов: 14
Дата создания: 20.11.2026 07:51:05




















