Облыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Өңірде күзгі әскерге шақыру науқаны 31-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Биыл шамамен 1200 азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған. 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер қарулы күштер, ұлттық ұлан, шекара қызметі және басқа да әскери құрылымдар қатарын толықтырады. Әскерге алынған жігіттер алдымен медициналық тексеруден өтеді. Әскери қызметке жарамдылығы жіті бақыланады. Әскерге шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS хабарлама және электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіне жолданады. Заңда әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату жағдайлары да қарастырылған. Оған денсаулық кінәраты, отбасылық жағдай және білім алу секілді негіздер жатады. Ал әскери қызметтен қасақана жалтарған азаматтар заңға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Биыл Ақтөбе облысында 115 әскери қызметші "Сарбаз" жобасы аясында білім гранттарына ие болған. Күзгі шақыру науқаны заң талаптарына сай, азаматтардың құқықтарын сақтай отырып жүргізіледі.Количество показов: 11
Дата создания: 22.09.2026 09:27:31



















