ҚР прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл
Бүгін әр өңірден жиналған прокуратура өкілдері арасында тартысты ойын өтті. Футбол, үстел теннисі, шахмат, қол күресі және арқан тартыс ойын түрлерінен қызу жарыс болды. ҚР прокуратура органдарының 35 жылдығына арналған өңірлік форум екі күнге жоспарланған. Алғашқы күні Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары прокуратураларының құрама командалары өзара бақ сынасты. Прокуратура ардагері осы салада 35 жылдан бері қызмет атқарып, заң жолында әлі еңбегін сіңіріп жүр. Атырау облысы Жылыой ауданынан жарысқа 15 қызметкер келген. Көпшілігі 20 жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандар. Осы сында іс-шаралар командалық рухты нығайтып, әріптестер арасындағы кәсіби байланысты дамытуға ықпал етпек. Сала майталмандары бір-бірін мерекелерімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Олардың әрқайсысы жеңіспен қайтатынына сенімді. Одан бөлек, екі күнге жоспарланған іс-шара тәжірибе алмасумен жалғасады. Өз ісінің хас шеберлері заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөнінде сөз қозғайтын болады.Количество показов: 30
Дата создания: 20.11.2026 07:54:17




















