Кірпішті тұрғын алабындағы көпірдің жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Бұл - Кірпішті тұрғын алабындағы көпірдің қазіргі жайы. Қазір көпірде бетон құю жұмыстары толық аяқталып, асфальт төсеу басталған. Көпірдің екі бөлігіне алғашқы асфальт қабаты төселіп, жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Алда тағы екі қабат асфальт жабындысын төсеу жоспарланған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандыру шамдары мен жол белгілері орнатылады. Көпірдің тіреуіштері де боялып жатыр. Жөндеу жұмыстарын "Казком Сервис" ЖШС жүргізуде. Мердігердің айтуынша, қалған жұмыстарды алдағы бір-екі айда аяқтау жоспарланған. Нысанды қазан айының соңы - қараша айында пайдалануға беру көзделіп отыр. Жұмыс толық аяқталған соң көпір жаңарып, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы үшін қолайлы жағдай жасалады.Количество показов: 12
Дата создания: 22.09.2026 09:29:11



















