"Жас барыс-2026" облыстық чемпионаты өтті
Ақтөбеде Ұлттық спорт күні аясында қазақ күресінен "Жас барыс-2026" облыстық чемпионаты өтті. Жастар ресурстық орталығы мен Есет батыр атындағы ОРОММИК спорт кешені бірлесіп өткізген бұл жарыс ұлттық спортты ұлықтауға бағытталған. Биылғы турнирге техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, боз кілемде өзара мықтыны анықтады. Жалпы саны 50-ге жуық жас палуан екі салмақ дәрежесі бойынша 75 келі және +75 келіде белдесті. Жарысқа қатысушылар алдын ала мандаттық комиссиядан өтіп, салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл талаптар әділ әрі ашық бәсеке қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ күресі қазақ халқының көне спорт түрлерінің бірі. Сондықтан мұндай турнирлердің басты мақсаты ұлттық мұраны дәріптеу ғана емес, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру да негізгі бағыттардың бірі. Чемпионат барысында палуандар өздерінің ептілігі мен күшін ғана емес, тактикалық шеберліктерін де көрсете білді. Әсіресе финалдық белдесулер ерекше тартысты өтті. Әрбір қатысушы жеңіске деген жігерін көрсетіп, соңына дейін күресті. Жарыстың тартымдылығын арттыру мақсатында жеңімпаздарға қомақты сыйақылар қарастырылған. Атап айтқанда, бірінші орын иегеріне 70 мың теңге, екінші орынға 50 мың теңге, ал үшінші орынға 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік палуандар анықталып, салтанатты түрде марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы чемпиондық белдіктер берілді. Ал көрермендер үшін бұл турнир ұлттық спорттың рухын сезінуге мүмкіндік берген әсерлі спорттық мерекеге айналды.Количество показов: 11
Дата создания: 19.03.2026 07:09:14



















