Еңбек күніне орай бүгін қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Бүгін жұмыс іздеушілер мен жұмыссыз азаматтар өңірдегі кәсіпорындар ұсынған қызметтермен танысты. Ірі сауда орындарының бірінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Биылдыққа өткізілген жәрмеңкелер аясында 900-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Кезекті жәрмеңкеде 20-дан астам кәсіпорын мен мекеме қатысып, 200-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынылды. Олардың ішінде медицина, білім беру, өндіріс, қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша мамандықтар бар. Бүгінде еңбек нарығында білікті мамандарға сұраныс бар. Әсіресе педагогика бағытында кадр тапшылығы байқалады. Шараға қатысқан "Әділет-ай" серіктестігі дефектология, логопед мамандарын іздейді. Орталық директоры ең алдымен, жұмысқа орналасу үшін жоғары білімі болуы шарт дейді. Әрі медицина мамандығын тәмамдаған түлекке сұраныс бар. Жәрмеңкенің мақсаты - азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат беру. Қазір облыс бойынша электрондық еңбек биржасында 3 мыңнан астам бос жұмыс орындары ашық тұр.Количество показов: 12
Дата создания: 26.09.2026 09:25:07



















