Қалада жастарға тегін құқықтық көмек көрсету шарасы ұйымдастырылды
"Жұмыс тап" модульді орталығына жыл басынан бері мыңға жуық адам түрлі мәселемен жүгінген. Олардың арасында жастар көп. Бүгінгі "Жұмыс тап" модульді орталығында өткен қабылдауға заң кеңесшісі мен сот орындаушысы қатысты. Мамандар жастардың өздерін толғандырған сұрақтарына жауап беріп, заң аясында кеңес берді. Шараға пробация есебінде тұрған азаматтар келіп жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін сұрады. Заң өкілдері еңбек қатынастары, тұрғын үй, мүліктік даулар және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша кеңес берді. Соның ішінде жұмысқа орналасу, баспана, білім алу, бұғатталған есепшотты ашу немесе алимент төлеу мәселесі.Мамандардың айтуынша, бүгінде еңбек нарығында электрик, жөндеуші, мұғалім және IT саласының мамандарына сұраныс жоғары. Осыған дейін орталық көмегіне жүгінген азаматтарға мемлекеттік гранттар, білім алу және жұмыспен қамту бағыттары бойынша кеңес берілген. Мамандар жастарға бірден жұмыс іздеумен қатар, алдымен тәжірибе жинап, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мән беру керектігін түсіндірді.
Количество показов: 14
Дата создания: 26.09.2026 09:26:57



















