Облыста қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда
Рейд барысында өңірде бірнеше құқық бұзушылықтың беті ашылды. Патрульдік полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған скутер жүргізушісін тоқтатқан. Талапқа бағынбаған ол қозғалысын жалғастырмақшы болады. Дереу жасөспірім мен ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін Mercedes-Benz жүргізушісі 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Қазір полиция қоғамдық тәртіпті бақылауда цифрлық технологиялар көмегіне жүгінеді. Облыстың барлық 12 аудандық полиция бөлімшесінде жедел басқару орталықтары жұмыс істейді. Олар бейнебақылау камералары мен жол ережесін бұзуды автоматты тіркейтін жүйелерге қосылған. "102" желісіне түскен әрбір хабарлама бірден тіркеледі. Ешбір хабарлама мүлт кетпейді. Полиция жасақтарының оқиға орнына уақытылы жетуі қамтамасыз етіледі. "Қарасора-2026" іс-шарасы барысында саяжайлардың бірінен 61 түп көкнәр мен 12 түп қарасора анықталды. Кептірілген қарасора бөліктері тәркіленді. Саяжай иесі жаз бойы өсімдіктерді күтіп-баптап, суарып келген. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Количество показов: 12
Дата создания: 29.09.2026 09:04:24



















