Тұрғын үй алдында құрылыс жұмыстары аяқталмаған
Қаламыздағы Гришина көшесінде бірқатар мәселелер орын алып отырғанын айтады тұрғындар. Тұрғындардың айтуынша, үй алды көктем-күз батпаққа айналады. Аулада демалатын жер жоқ. Балалар алаңы да әбден ескіріп, қараусыз қалған,- дейді олар. Бұл Гришина көшесіндегі 68-ші үй ауласының жағдайы. Тұрғындардың айтуынша, былтыр басталған жөндеу жұмыстарынан кейін аулада демалуға арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылуы керек еді. Бірақ ол уәде әлі орындалған жоқ. Балалар алаңы да әбден ескіріп, қараусыз қалған. Аумақта көктем мезгілі басталысымен жаңбыр мен қар суы жиналып, шалшық кіреберіске дейін жетеді екен. Айтуларынша, бұл бір-екі жылдың мәселесі емес. Тұрғындар бірнеше рет жауапты мекемелерге жүгінген. Алайда әкімдік мәселені пәтер иелері кооперативі қарауы тиіс десе, кооператив өз құзыретіне жатпайтынын айтып, жауапкершіліктен бас тартқан. Тұрғындардың сұрайтыны аулаға балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңын салып, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатса дейді. Таза әрі жайлы аулада отырып демалуға мүмкіндік жоқ екені налытады,- дейді олар. Ал мердігер ұйым өкілдерінің мәліметінше, абаттандыру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілген. Дегенмен, олар жөндеу жұмыстары жақын арада толық аяқталып, аула тұрғындардың игілігіне берілетінін мәлімдеді.Количество показов: 13
Дата создания: 08.07.2026 06:00:30



















