"Тіл мен кәсіп: іскерлік ортадағы мемлекеттік тіл" тақырыбында семинар өтті
"Тіл мен кәсіп: іскерлік ортадағы мемлекеттік тіл" тақырыбында өткен семинарды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Оған мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпкерлер, шағын бизнес субъектілері, жарнама агенттіктері, аударма орталықтарының мамандары мен студенттер қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының "Тіл туралы", "Жарнама туралы" және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңдарының талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік нысандарындағы маңдайшалар мен көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде орналастыру, жарнамалық мәтіндерді сауатты рәсімдеу және тұтынушыларға ақпаратты екі тілде ұсыну тәртібі сөз болды. Сонымен қатар, қатысушыларға сыртқы жарнама мен маңдайшаларға қойылатын талаптар, қаланың бірыңғай дизайн-коды таныстырылды. Заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда туындайтын әкімшілік жауапкершілік жөнінде де ақпарат берілді. Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасты.Количество показов: 10
Дата создания: 19.11.2026 07:29:13




















