№16 орта мектепте заң өкілдері мен ардагерлер мектеп оқушыларымен кездесті
Заңды құрметтеуге, тәртіп сақтауға әр азамат міндетті. Бұл қағидатқа балалардың бойын ерте кезден баулып, жауапкершілік сезінуге ынталандыру негізгі қадамдардың бірі саналады. Бүгін осы жазылмаған заң аясында №16 орта мектепте тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға ардагерлер арнайы қонақ ретінде шақырылды. Кездесу барысында оқушыларға ел тәуелсіздігінің тарихи маңызы, азаматтық борыш, құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірілді. Ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынды отансүйгіштікке, адамгершілікке үндеді. Аға буын өкілдері жеткіншектерге тәрбиелік мәні бар әңгімелерін нақышына келтіре баяндап берді. №16-шы орта мектепте оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылып, тәртіпті бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Кәмелеттік жасқа толмағандар заң мен тәртіптің аражігін ажырататын деңгейге жеткен. Бүгінгі жүздесудің мақсаты жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, тәуелсіз елдің саналы әрі жауапты азаматтарын тәрбиелеу.Количество показов: 5
Дата создания: 18.11.2026 07:24:56




















