Облыстық перинаталдық орталықта биылдыққа 300 шақалақ дүниеге келген
Бұл күннің басты мақсаты - мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилердің өмірі мен денсаулығына қоғам назарын аудару. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай балаларға алғашқы күндерден бастап ерекше күтім мен тұрақты медициналық бақылау қажет. Өйткені олардың ағзасы толық жетілмегендіктен, денсаулығына қатысты қауіп те жоғары болады. Ал уақытылы көрсетілген медициналық көмек олардың өмірге бейімделуіне мүмкіндік береді. Дүниеге мерзімінен бұрын келген сәбилердің әрқайсысы дәрігерлердің жіті бақылауында болады. Әсіресе алғашқы сағаттар мен күндер өте маңызды. Мұндай жағдайда нәрестелер арнайы инкубаторларға орналастырылып, дене температурасы, тыныс алуы мен жүрек соғысы тұрақты бақыланады. Ал тұрғындар өздері осындай жағдайдың қазір жиілегенін айтып, оқиғаларымен бөлісті. Олар шала туған балаларының толық жетіліп, дендері сау екенін жеткізді. Оған қоса, қабілеттері жағынан ерекше болатынын да айта кетті. Бұл жағдайда жүкті әйелдерге денсаулығын қадағалау маңызды. Себебі бұл баланың дені сау болып туылуының басты кепілі. Дәрігерлер шала туған балаларды күту барысында медициналық көмектің ғана емес, ана мейірімі мен ата-ана қолдауының да маңызы зор екенін айтады. Әрбір сәбидің өмірге бейімделуі - дәрігерлер мен отбасының бірлескен еңбегінің нәтижесі.Количество показов: 4
Дата создания: 18.11.2026 07:27:30




















