«Сапар» автовокзалы алдындағы субұрқақ іске қосылды
Шаһардағы фонтандардың дені жаз бойы жұмыс істемей тұрды. Биыл жауапты мердігер анықталып, көп нысан жөнделіп, қайта іске қосылды. Қазір қала аумағында барлығы 21 субұрқақ бар. Оның 18-і қайта жаңғыртудан өтіп, жаз бойы қалалықтарға қуаныш сыйлады. Жөндеу жұмыстары барысында тек сыртқы келбеті ғана емес, жарықтандыру, су айдау жүйесі мен айналасындағы демалыс орындары да жаңартылып жатыр. Қазір Абай гүлзарындағы фонтан қазір реконструкциядан өтуде. Ал қалған екі нысанды келесі жылы жөндеу жоспарланған. Оған қаражат бөлу мәселесі алда маслихат сессиясында талқыланады. Жоба аясында бұрын пайдаланылмай тұрған бірнеше фонтан қайта іске қосылады. Бұл, әсіресе, балалар мен жастардың сүйікті демалыс орнына айналуы мүмкін. Тұрғындар да атқарылып жатқан жұмыстарға дән риза. Фонтанды мердігерлерден бөлек демеушілер де салып жатыр. Мәселен, “Сапар” автовокзалының қасындағы фонтан – соның бірі. Биліктің бос жатқан аумақтарды абаттандыру жөнінде де үлкен жоспары бар. Олар демеушілердің қаржысына скверлер, скейтпарктер және тұрғындардың жайлы демалысына арналған орындар жасап жатыр. Ал, қаланың ажарын ашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын фонтандардың жаңаруы Ақтөбенің көркейіп келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да осындай абаттандыру шаралары жалғасын тауып, шаһардың келбеті заманауи үлгіде дамуы жоспарланып отыр.Количество показов: 42
Дата создания: 04.10.2025 09:28:27