Жолдардың жайы тағы да назарда. Қаладағы жолға жауапты шенеуніктер ойылып қалған аумақтарды аралады. Қала әкімінің орынбасары Жандос Байырханов бастаған бақылаушы топқа мердігерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері де қосылды. Соңғы 3 жылда жөнделген жолдарға мониториг жасауға кірісті. Алғашқысы Асау-Барақ көшесіндегі 400 метр жер. Бұл асфальтті төсеуге бюджеттің 21 миллион теңге қаржысы жұмсалған. Қала әкімінің орынбасары Жандос Байырхановтың айтуынша, 2013-2015 жылдар аралығында шаһарда 74 шақырым жол жөнделген. Жолдардың жарамсыз күйге түсуіне бірнеше себеп болуы мүмкін. Бірақ, нақты зертханалық талдау әлі жүргізілген жоқ. Ал Әкімжанов көшесі 4 жолақты болып кеңейтілді. Қазір бұл жерде де бірнеше шұңқыр пайда болды. Енді мердігер мекемелер бір айда бәрін өз қаржыларына жөндейді.
Дәл осындай жөндеу жұмыстарын "КТП" серіктестігі де жүргізеді. Кепілдік мерзімі бар жолдарды аралап көрген шенеуніктер мердігер мекемелерге кемшіліктерді жою үшін бір ай мерзім берді. Ескертуге құлақ аспаса, сот арқылы мердігер мекемелер жауапқа тартылады. Бұдан былай жол салу кезінде суағарлар қарастырылады. Су ағатын арналардың жоқтығы да жолдың бұзылуына әкелетін бір себеп. Битум мен қиыршық тастың сапасын зертханалар арқылы қадағалау күшейтіледі. Қажет болса Алматы мен Астанадан лабораториялар шақыртылмақ. Ақтөбеде 537 көше, 620 шақырым жол бар. Оның 40 пайызына тас жол төселсе, сол асфальттың 20 пайызы жөндеуді қажет етіп тұр.
Количество показов: 1577
Дата создания: 11.04.2016 17:23:11
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>