Орталық алаңға заманауи киіз үй тігілді
"Қазақ халқына мың алғыс" алаңына заманауи киіз үй тігілді. Әр киіз үйдің өзіндік атауы мен ерекшелігі бар. Іштері қазақтың ұлттық көрінісін бейнелейтін интерактивті экрандармен жасалған. Жаңа технологиялардың көмегімен әр қазақтың құндылығын көріп-білуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бұл жаңа жобалардың жетістігі көп және мерекенің алдыңғы күндері де қойылатын болады. Шара барысында келушілерге жаңа технологиялар мен инновациялық жобалар таныстырылды. Көрмеде бизнес саласын AI-агенттер арқылы дамытуға бағытталған стартаптар ұсынылды. Келушілер VR-көзілдіріктердің көмегімен қаланың көрікті жерлеріне виртуалды саяхат жасап көрді. Сонымен қатар, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған тың жобалар да көрсетлді. Солардың бірі - 3D басып шығару арқылы сынған бөлшектерді қалпына келтіруге арналған стартап. Жоба авторларының айтуынша, олар арнайы құрылғыларды пайдалана отырып, тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы түрлі пластикалық элементтерді әзірлейді. Негізгі мақсат - істен шыққан немесе сынған бөлшектерді қайта жасап, техниканың қызмет ету мерзімін ұзарту. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл уақытты үнемдеп қана қоймай, шығынды азайтуға да мүмкіндік береді. Ұлттық рух пен инновация тоғысқан мерекелік шара көпшіліктің назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.Количество показов: 6
Дата создания: 20.03.2026 06:45:48



















