"Тәуелсіздік жолы - жетістіктер шежіресі" республикалық пікірсайыс турнирі өтті
Сөзге шешен, өз пікірін дәлелдей білетін жас буын бұл жолы ел тарихы мен тәуелсіздік, мемлекеттің дамуы туралы сөз қозғады. Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтап, ел болашағына бейжай қарамайтын жастардың басын қосқан сайысқа 32 фракция тіркелген. Қатысушылар Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан келген. Пікірсайыс клубындағы ақтөбелік студенттер де жарыс төрінен табылды. Әр жұп студент өздеріне түскен тақырып бойынша пікірлерін дәлелдеуге тырысты. Жарысты қалалық жастар ресуртық орталығы ұйымдастырды. Тәуелсіздік жолы - жетістіктер шежіресі. Пікірсайысқа қатысқан әрбір жас ұлы құндылық жолын терең сезінсе керек. Қатысушылар арасында Қ. Жұбанов атындағы АӨ университеттің экология мамандығының 3-курс студенті бар. 19 жастағы Нұрия Әбуталиева дебатпен 3 жылдан бері айналысып келеді. Пікірсайыс клубының президенті. Алдағы уақытта осы салада жетістікке жеткісі келеді. Соңғы жылдары қалада пікірсайыс қозғалысы қарқын алып келеді. Осындай кездесулер студенттердің шешендік қабілетін шыңдап қана қоймай, сыни ойлауына және қоғамдық мәселелерге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Әртүрлі өңірден жастардың келіп, осындай турнирлерге қатысуы - соның бір көрінісі, дейді республикалық турнирдің бас төрешісі. Турнир қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.Количество показов: 4
Дата создания: 17.11.2026 06:46:28




















