Қалада биология пәні мұғалімдеріне арналған арнайы оқыту курсы басталды
Облыста биология пәні мұғалімдері арнайы оқыту курсынан өтеді. Төрт күнге жоспарланған оқыту курсына 100-ге жуық педагог шақырылған. Сабақты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақтөбедегі өкілі жүргізуде. Оқыту барысында педагогтер иммундық жүйенің қызметі туралы білімдерін жетілдіреді. Интерактивті тапсырмалар мен цифрлық платформаларды сабақта тиімді пайдалану жолдарын меңгереді. Бағдарлама аясында арнайы платформа құрылған. Жоба терезесі- "Әлия" деп аталады. Әлия Молдағұлованың құрметіне берілген. Ол жерде интерактивті тапсырмалар, компьютерлік ойындар мен цифрлық білім беру жүйесі ұсынылған. Педагогтер иммундық жүйенің қызметі, вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі туралы білімдерін толықтыруда. Платформада оқушыларға балл да қойылатын болады. Бағалау арқылы жасөспірімдер екпе салудың маңызы мен денсаулықты күтіп-ұстау бойынша білімдерін жетілдіреді. Ұсынылып отырған әдістер оқушылардың тақырыпты жеңіл меңгеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалануына мүмкіндік береді. Төрт күндік курстың мүмкіндіктері мол. Тақырыптары саналуан. Оқыту курсы соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.Количество показов: 4
Дата создания: 18.11.2026 07:21:40




















