"Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Мереке қарсаңында тұрғындар арасында отшашулар мен түрлі пиротехникалық бұйымдарға сұраныс артады. Сұраныс артқандықтан пиротехника тауарларын сататын дүкендер өнімді толтырып қоятыны белгілі. Дегенмен кәсіпкерлер пиротехникалық бұйымдар тек 18 жастан асқан азаматтарға ғана сатылады дейді. Сатып алушыларға өнімді пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Белгісіз сауда орындарынан алынған пиротехникалық өнімдердің қауіпсіздігіне кепілдік жоқ. Заң қызметкерлері тұрғындарға тауарды арнайы рұқсаты бар дүкендерден сатып алу керек екендігін ескертеді. Лицензиясыз сауда жасау заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Рейд барысында полиция қызметкерлері сатушыға да сатып алушыға да қауіпсіздік мәселесі басты назарда болу қажеттігін баса айтты. Отшашу адам өміріне қауіп төндірмеуі қажет. Пиротехниканы қолдану кезінде нұсқаулық талаптарын сақтау қажет. Егер отшашу іске қосылмаса, оған жақындауға және қайта тұтатуға болмайды. Сонымен қатар белгіленген уақыт шектеулерін ескеріп, нұсқаулықты оқып шығу қажет.Количество показов: 4
Дата создания: 17.11.2026 06:44:32




















