Қоқыс шығаратын кәсіпорындарға қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау әдісі ұсынылды
Табиғат жанашыры Ақтөбедегі қоқыс жинайтын мекемелерге қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау жүйесін ұсынды. Шыны құтылар, пластмасса бөтелкелер, адам өміріне қауіпті - батарея, сынап, аккумолятор секілді заттарды бөлек жинау керек. Сыра зауыттары қазір қоқысқа тасталған шыныларды жинап, жуып, өндірісте қайта пайдаланып жүр. Пластмасса құтылар да екінші рет өңделіп, кәдеге жаратыла бастады. Ал, істен шыққан тұрмыстық техникалар құрамында қауіпті заттары болса да, полигонға тасылады. Мұндай қоқыс арнайы мекемеге тапсырылуы керек.
Вера Мұстафина осы саланы реттейтін заңнамадағы өзгерістерді де айта кетті. Мәселен, енді қоқыс полигондарының бәрі заңдастырылады. Ал, оны салудың талаптары мен стандарттары бар. Қоқыс шығару және оны қабылдаумен айналысатын мекемелердің міндетті түрде арнайы сертификаты болуы шарт. Бүгін жиын нәтижесінде Ақтөбедегі арнайы кәсіпорындар қоқысты бөліп жинау әдісін енгізудің мүмкіндіктерін қарастыратын болды.
Количество показов: 2075
Дата создания: 21.11.2016 19:06:15