Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Ақтөбенің Тұңғыш Президент атындағы саябағында өткен жәрмеңкеге 50-ден астам ұйым қатысып, тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарын ұсынды. Шараға жұмыссыздар, жастар, пробация қызметінде тіркеуде тұрғандар және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылғандар тартылды. Статистикаға сәйкес, Жыл басынан бері облыста 110 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, нәтижесінде 1280 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінде enbek.kz порталында өңір бойынша 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ашық жарияланған. Жәрмеңкеде мемлекеттік грант иегері атанған 50 азамат өз өнімдерін ұсынды. Олардың қатарында наубайхана, кондитерлік және жартылай фабрикат, бау-бақша, мал және құс шаруашылығы өнімдері, тігін және қолөнер бұйымдары бар. Мамандардың айтуынша, бұл бастама азаматтарға жаңа өмір бастауға, кәсіп ашуға және тұрақты табыс табуға жол ашады. Мұндай жәрмеңкелер жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, қоғамның әрбір мүшесіне жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, өмірінде жаңа бетбұрыс жасағысы келетін азаматтарға бұл нақты қолдау. Жастар тәжірибе жинақтап, өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік алса, пробацияда тұрғандар мен бас бостандығынан айыру мекемесінен шыққандар үшін еңбекке араласу – қоғамға қайта бейімделудің маңызды қадамы.Количество показов: 35
Дата создания: 27.09.2025 08:27:42