Коммуналдық қызмет тарифтері өсуін тоқтатты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, экономиканы жақсартуға бағытталған шаралар кешенін әзірледі. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дәрібаев мәлімдеді. Яғни 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін коммуналдық қызмет тарифтері өсуін тоқтатты. Мораторий 16 қазаннан басталды. Тұрғындардың бұл жаңалыққа көңілі көншігенімен, жылдағыдай тарифтердің бағасы көтеріледі ме деген де үрейі жоқ емес. Қазір де су, газ, жарық бағасының құны ұшып тұр. Жылда көтерілген коммуналдық төлемдер қалтадан қағатынын айтады. Салық жөнінде де жаңалықтар бар. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізіледі. Бұл микро және шағын бизнеске қатысты келесі жайттарды көздейді: камералдық бақылау алынып тасталады, салықтық тексерулер жүргізілмейді, сот органдарына тіркеуді, қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз беру тоқтатылады. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін де салық және әділет органдарында камералдық және салықтық тексерулер жүргізбей-ақ, оңайлатылған тәртіппен есептен шығару науқаны өткізіледі. Бұл жаңа Салық кодексін кезең-кезеңімен енгізуге және салық төлеушілер үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді.Количество показов: 16
Дата создания: 18.10.2025 08:31:16