Ақтөбеде бір айдан бері автогаз тапшы
Ақтөбеде бір айдан бері автогаз тапшы. Жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Кейбір автогаз бекеттерінде отынды тек талон арқылы ғана беріп жатыр. Ал кәсіпкерлік басқармасы қалада ешқандай мәселе жоқ деп сендіруде. Алайда жанармай бекеттеріндегі шынайы жағдай ресми мәлімдемелерге мүлде сәйкес келмейді. Шаһарда автогаз тапшы. Жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Кей бекеттер отынды тек талон арқылы ғана беріп жатыр. Мәселенің зардабын көлік жүргізушілері көріп отыр. Бір айдан астам уақыттан бері көліктеріне көгілдір отын іздеп шаһар шарлап жүр. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, қазан айына аймаққа 10 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газы бөлінген. 23 қазанға дейін осы көлемнің 77 пайызы жеткізіліпті. Ал, бекеттердегі кезекті кәсіпкерлік басқармасындағылар қалдық газ көлемінің аздығымен және бірқатар бекеттердегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланыстырды. Жауаптылардың мәліметінше, зауыттардан отын жеткізу қалыпты режимде жүзеге асырылуда. Ал, шаһардағы барлық газ құю бекеттері көгілдір отынмен қашан толық қамтылатыны әлі белгісіз.Количество показов: 22
Дата создания: 25.10.2025 08:43:47



















