Шенділер нашақорлықтың алдын алу мәселесін талқылады
Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі жөніндегі штаб отырысына департамент және басқарма басшылары қатысты. Атқарылған шаралар туралы баяндады. Заңсыз есірткі айналымы мен оны тұтынуға қарсы күрес, профилактикалық шаралардың тиімділігі, жастар мен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды. Тұрғындардың айтуынша, ата-ана да бала тәрбиесіне аса назар аударған жөн. Үйден баланы қадағалап, тәртіпке үйрету, зиянды нәрселердің арты ауыр болатынын айтып отырудың артықтығы жоқ,- дейді олар. Жиын барысында жауапты органдарға кешенді жоспардың барлық бағыты бойынша іс-шараларды толық әрі сапалы орындау керектігі ескертілді. Есірткі жарнамасы бар граффитилерді анықтау және жою бойынша бірыңғай есеп жүргізу алгоритмін әзірлеу, мектеп оқушылары мен жастар арасында нашақорлық пен тәуелділіктің алдын алу шараларын күшейту, сот сараптамалары орталығын заманауи зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету сияқты тапсырмалар берілді.Количество показов: 15
Дата создания: 08.11.2025 08:27:51



















