Ақтөбеліктер №1 қалалық емханадан тегін дәрі-дәрмек ала алмай жүр
№1 қалалық емхананың емделушілері өткен аптадан бері мемлекеттен тегін берілетін дәрі-дәрмектерін ала алмай жүр. Бүгін де таңмен кезекте отырғандар көп. Алды бейсенбіден бері жүр. Барлығына бірдей 1414 орталығынан телефондарына хабарлама келген. Қалалық емхананың дәріханасындағы фармацевттерге көрсетсе, олар "қажетті дәрілері жоқ" деп қайтара берген. Кейбір науқастардың айтуынша, емхана қызметкерлерінің арасында да түсініспеушіліктер туындаған. №1 қалалық емхананың бас дәрігерінің айтуынша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіндегі ақау тек мұнда емес, қала бойынша байқалады. Себебі — ел бойынша бағдарламаны жаңартылып жатыр. Яғни, дәрі-дәрмектер тізімі жүйеге жүктелмей тұр. Алайда жүйенің қашан қалыпқа келетінін нақты белгісіз. Бағдарламаны жаңарту туралы шешім Денсаулық сақтау министрлігінде қабылданады. Емделушілер мұндай ақаулар жиі қайталанатынын айтады. Салдарын науқастар көріп отыр. Созылмалы ауруға шалдыққандар үшін қиын. Ал, денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жүйе қарапайым халыққа кері әсер тигізіп жатқанға ұқсайды. Жүйе бір жыл бұрын енгізілген болатын.Количество показов: 72
Дата создания: 29.10.2025 07:11:18



















