Жасыл желекке оранған балабақша
Шаһарымыздағы 7-ші “Арман” бөбекжай балабақшасында “Жасыл балабақша” пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба мақсаты - балаларды қоршаған ортаны аялауға үйрету. Балалар бақшада түрлі зертханалық жұмыстар жасап, жаз бойы емдік шөптер мен гүлдер егеді. Аталмыш жобаны №7 балабақша алғашқылардың бірі болып орындап отыр. Балабақшаға кіріп келгенде құдды бір жасыл баққа кіргендей күй кешесің. Ғимарат ішіндегі ерекше жасыл талдар бірден көзге түседі. Бұл "қысқы баққа" 30 жыл болған,- дейді балабқша басшысы. Яғни қысы, жазы бұл жерде жасыл желек жайқалып тұрады. Балалар кез келген мезгілде бақты аралап, демалып, таза ауа жұтады. Мұнда құрма, лимон, арша, пальма, кактус, юкка сынды ағаштар өседі. Ал жаз мезгілінде балабақша аумағында бүлдіршіндердің қатысуымен түрлі емдік, пайдалы шөптер егілген. Күзде жиналған өнімдермен"Гүлдер фестиваліне" қатысып “Ақтөбеде жасалған” байқауынанжүлделі 1-орын алған. Балабақшада 11 топ, 2-5 жас аралындағы 244 тәрбиеленуші бар. Бақша қызметкерлерінің айтуынша, балалар табиғаттың әсемдігін, құндылығын түсінуі үшін үлкендер көмектесуі керек. Жер ана - ортақ үйіміз, оны қорғау әр адамның парызы екенін бала жастан ұғынуы керек дейді.Количество показов: 12
Дата создания: 21.11.2025 09:08:06



















