Шаһарда 16 әлеуметтік дүкен бар
Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарлары төмендетілген бағамен сатылып жатыр. Қала бойынша бірқатар әлеуметтік дүкендерге және сауда желілеріне жеңілдетілген өнімдер жеткізіліп бастады. Шаһарда мұндай 16 дүкен бар. Шаһарда арнайы әлеуметтік дүкендер мен сауда орындары жұмыс істеп тұр. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеңілдетілген бағамен сатылады. «Табыс» коммуналдық базары мен әлеуметтік дүкендер желісінде форвардтық келісім аясында келесі өнімдер ұсынылады: қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, сәбіз, және қырыққабат. Бұл тауарларды тұрғындар қала бойынша 16 мекенжайда орналасқан әлеуметтік дүкендерден сатып ала алады. Сонымен қатар «Анвар»» сауда желіcінде айналым қарызы арқылы сауда үстемесі 7 пайыздан аспайтын өнімдер саудаланып жатыр. Жеңілдетілген бағамен ұсынылатын негізгі тауарлар: ұн, макарон , тауық еті және сиыр еті. Әкімдік бағаны тұрақтандыру шаралары жалғасатынын айтады. Әлеуметтік дүкендерге тауар жеткізу кестесі де бақылауда. Толық ақпарат пен мекенжайлар тізімі тұрғындарға қолжетімді.Количество показов: 15
Дата создания: 20.11.2025 09:00:23



















