Мұғалжар ауданында жолдар жөнделеді
Журналистер Мұғалжардың экологиялық ахуалы жөнінде сұрады. Зауыттар тарататын жағымсыз иіспен күресіп жатырмыз деді Серік Шаңғұтов. Сондай-ақ, бизнесмендерден пайдаланусыз қаңырап тұрған ғимараттарды қайтаруға да күш салынып жатқан көрінеді. Мұнай компанияларынан 5 қатарлы бірнеше ғимарат қайтарылған. Қалғанын мемлекет меншігіне өткізу үшін компания директорлар кеңесімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал әкім өзі отырған үйдің мемлекеттен баяғыда жеке меншікке заңды жолмен аударылғанын айтты. Серік Шаңғұтов отбасыммен ол үйді жалдап отырмын деді. Мұғалжар ауданының жері құнарсыз. Облыс әкімінің тапсырмасымен суармалы жерлерді көбейту қолға алынған. Баспасөз мәслихаты кезінде тілшілер аудандағы өндіріс орындарынан айлап жалақы ала алмай жүрген жұмысшылардың арызын жеткізді. "Темір Сервис", "Базальт-А" ЖШС-і еңбекақы төлеуді кешіктірген. Жағдайға қанықпын деген әкім, ол мәселе де шешіліп жатыр деді.
Количество показов: 2044
Дата создания: 15.03.2016 18:20:33