Мұғалжар ауданында тамақтан уланып зардап шеккендер үйлеріне шығарылды
Мұғалжар ауданындағы жаппай улану дерегі облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ерекше бақылауына алынды. Тексеру барысында қоғамдық тамақтану орнында бірқатар санитариялық талаптың өрескел бұзылғаны анықталған. 22 маусым Мұғалжар ауданында жаппай ішек инфекциясына күдікті жағдай тіркелген болатын. Қандыағаш "Тұмар" мейрамханасында өткен іс-шараларға қатысқан азаматтар жаппай медициналық көмекке жүгінген. Алғашында зардап шеккендер саны 102 болып, кейін бұл көрсеткіш 188 адамға жеткен. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 15 бала бар. Зертханалық сараптама нәтижесінде тағам өнімдерінен ішек инфекцияларының қоздырғыштары, сондай-ақ патогенді және шартты-патогенді микрофлора анықталған. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, тексеру барысында мейрамханада санитариялық талаптардың өрескел бұзылғаны белгілі болған. Атап айтқанда, тағамды дайындау және сақтау технологиялық талаптары сақталмаған. Сонымен қатар қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтпей жұмыс істегені және жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамағаны анықталған. Науқастардың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде бағаланып, ауыр жағдайлар тіркелмепті. Қазіргі таңда барлық науқас медициналық ұйымдардан шығарылып, үйлеріне жіберілген.Количество показов: 27
Дата создания: 04.07.2026 07:25:30



















