Интернет-алаяқтық өршіп тұр
Интернеттегі алаяқтық - кибер қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі. Қазіргі уақытта адамдар күнделікті өмірде интернет ресурстарын кеңінен пайдаланады, соның ішінде банктік операциялар, сату-сатып алу веб-сайттары интернеттегі - алаяқтық деректерін өсіріп отыр.Нұрсұлтан Орынбек — «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысының жетекшісі. Ол интернет алаяқтықпен күресу және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында белсенді жұмыс істеп келеді. Іс-шара аясында қала көшелерінде және тұрғын аудандарда тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері мен қорғану жолдары түсіндірілді.
Әсіресе, зейнеткерлер мен үйде отырған аналар секілді осал топтарға ерекше назар аударылды, себебі олар алаяқтардың негізгі нысанасына айналуда. Тек жыл басынан бері облыста интернет алаяқтыққа қатысты 405 дерек тіркелген. Жәбірленушілерге 960 миллион шығын келтірілген.
Количество показов: 42
Дата создания: 27.05.2025 05:58:37