Базардағы өнімдер тексерілді
Экспрес-әдіс арқылы сүт, ет, балық өнімдерімен қатар жаңа піскен көкөністердің сапасы мен құрамында нитраттардың бар-жоғы анықталды. Барлығы тегін. Кейін сатып алушылар мамандардан кеңес алды. Көкөніс құрамында нитрат көп болса, адамдардың улану қаупі басым. Оған қоса, өнім тез жарамсыз болып қалады. Жуа құрамындағы нитрат мөлшері біл келіде 80 милиграммнан аспау керек. Ал, картопта 250, ерте піскен сәбізде 400, қиярда 200 миллиграммнан жоғары болмауы шарт. Бұл қалыпты көрсеткіштер. Тұрғындар мұндай акциялардың жиі және әр сауда орындарында болғанын қалайды. Себебі, тұтынатын өнімінің тазалығына көз жеткізгілері келеді. Ал, мамандар көкөніс, жеміс-жидектерге сараптаманы екі апта сайын жүргізіп отыр.
Количество показов: 1337
Дата создания: 04.08.2017 19:22:32