Шаһарда инклюзивті білім беруді дамытуға арналған халықаралық конференция өтті
Бүгін №40 жалпы білім беретін орта мектепте "баршаға арналған инклюзивті білім беру: халықаралық тәжірибе, жүйелік шешімдер және жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында басқосу ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер, психологтар және инклюзивті білім беру саласының сарапшылары қатысты. Жиынға шетелдік мамандар да арнайы шақырылған. Пленарлық отырыста инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу т.б ауқымды мәселелері талқыланды. Халықаралық тәжірибеге де ерекше назар аударылды. Түркиядағы Гази университетінің доценті Махмут Читил ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың IQ көрсеткіштеріне жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Дәл осы №40 жалпы білім беретін орта мектепте ерекше балаларды дамыту бағытындағы, арнайы кабинеттер ашылып отыр. Конференция барысында қатысушылар практикалық сабақтарға қатысты. Мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің нақты құралдары мен тиімді модельдерін тәжірибе жүзінде таныстырды. Жиынның негізгі мақсаты инклюзивті білім беру саласындағы озық тәжірибені ортаға салып, мамандардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау болды.Количество показов: 8
Дата создания: 03.10.2026 14:47:54



















