Өңірден Астанаға 200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді
Облыстан Астанаға жол тартқан автокеруеннің жүгінде - туған жердің топырағында өскен табиғи әрі сапалы өнімдер. Жалпы салмағы 200 тоннадан асады. Шаруалар екі күн бойы елорда тұрғындарына өнімдерін тиімді бағамен ұсынбақ. Жәрмеңкеге облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі қатысады. Сөрелерден ет пен сүт өнімдерінен бөлек, балық, жұмыртқа, шұжық, ұн және макарон өнімдерін кездестіруге болады. Ақтөбенің тары-талқаны Астанаға жеткізіледі. Жәрмеңкеге «Айс+», «Агрофирма Тау», «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты», «Рамазан», «СПК «Айбек», «Степное», «Рокос», «Изет Грин Хаус», «Гринхаус Қазақстан», «Глобал Мастер Групп» секілді ірі кәсіпорындар атсалысады. Өнімдердің нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатылуы - елорда тұрғындары үшін тиімді мүмкіндік болмақ. Ал ақтөбелік шаруалар үшін бұл - өз өнімін жаңа нарықта таныстырып, тікелей тұтынушыға ұсынуға жол ашылады. Жәрмеңке 3-4 қазан күндері Қарқаралы-1 тасжолындағы «Ипподром» алаңында өтеді. Өңірден аттанған автокеруен 30 қыркүйекте жолға шықты.Количество показов: 8
Дата создания: 03.10.2026 14:46:01



















